'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №12 (33) том 4
  4. Научная статья № 21

Просмотры  105 просмотров

Шыңғысбай Ә.Ж.

  


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ *

  


Аннотация:
Мақала мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде ойын баланың творчестволық талабына кең жол ашылады   

Ключевые слова:
қиял, мектеп жасына дейінгі бала, ақыл-ой, дарындылық   


Қазақстан Республикасының 2011-2050 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады. Барлық жерде таланттылар ізделініп, олардың таланттары дамытылып, ондай балаларға көмек көрсету қорлары ұйымдастырылуда. Бұл бүгінгі таңда көп уақытқа дейін дайындық іс барысында біздің елде болған емес. «Қабілетсіз бала жоқ» деген жалған ұран болды, барлығы да дарынды деп танылды. Ендеше, күллі бала табиғи тұрғыда дарынды болып өмірге келген болса, оларды тәрбиелеу, оқытудың жеке әдіс-тәсілін өңдеп мұғалімдер даярлаудың қажеті керек пе ед.. Психологтардың пайымдауынша, баланың дамытушылық қажеттілігін арттыруға немқұрайлықпен қарауға мүлдем болмайды» [1] - деп атап көрсеткен болатын М.Мұқанов. Қоғамда «жалпы дарындылық» деген көзқарастан ойысып, әрбір жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігіне, олардың бірін-бірі қайталамайтындығына, әр балаға сыйластықпен қарауға бет бұру керек. Өйткені, әр адам өз болмыс- тіршілігімен бір-бірінен ерекшеленеді. Батыс пен біздің елдегі бұл терминология тарихта көптен бері зерттеліп келе жатқанымен, әлі түбегейлі, толық мағынасы ашылды деуге келмейді. «Дарындылық деген түсініктің бірнеше қыры бар: тұқымқуалаушылық, ақыл-ойдың даму деңгейі т.б. Дарындылық тек қана ақылдылықпен шектелмейді, ол адамның жеке тұлға ретіндегі жалпы дамушылық деңгейі. Дамыған қабілеттілігімен, мінез-құлқымен және өмірді танып-білуімен адам ерекше. Ол өзгелермен қарым-қатынасын өзгеше құрып, басқаша еңбектенеді» [2] – деп көрсетеді Ж.Дүйсенова. Дарынды адаммен немесе дарынды баламен қарым-қатынас жасауда ең алдымен оның бойындағы дарындылық қасиетін іске асыруға жағдай жасау қажет. Балалардың қиял өрісін дамыту менің тақырыбымның өзектілігі деп білемін. Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, «өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалдарды оқып отырғанда, не өзіміз көрмеген алыстағы нәрселер бізді түрлі елестеулерді қалыптастырады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болуы адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрлерінен бастап, творчествалық қиялға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты» [3] - дейдіР.Аралбаева. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын – бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде ойын баланың творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала өз қиялынан ылғи да бір нәрсені жасау, құрастыруға әрекет жасау нәтижесінде баланың ойлау белсенділігін күшқуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. М.Мухина өз еңбегінде: «Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап, аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетігінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай» [5] - деген болатын. Сурет салу мен құрастыру іс-әрекеттерінің бала қиялын дамытуда маңызы зор. Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуына ойын мен әдеби шығармалардың, ертегілердің игі әсері өз үлесін тигізері анық. Ерте сәбилік шақтың өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі шақта мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі. Бала бірдеңеге назар аударарып, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанын арнайы іс-әрекеттермен игере білмейді. Мұнда іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі шақта қалыптаса бастайды. Балалар заттарды аудара-төңкере құбылтуда қарапайым түсінік қалыптастырып, суреттерді қараумен бала зейіні шоғырланады, сол арқылы бала сан алуан тәжірибе жинақтайды, өзінің шимайшатпақтарынан машинаны немесе үлкен кісіні көре бастайды. Бұл жайында педагог-ғалым Б.Баймұратов: «Бірақ осының бәрі заттардың, олардың қасиеттері мен қатынастарын, практикалық іс-әрекеттерін бағытталған, төңіректі жалпы бағдарлаудың нәтижелері, бірақ жаңа бейнелерді жасау, немесе оларды есте қалдыру зейін қою емес. Сондықтан сәбилік шақтағы баланың зейіні, есі, қиялы ырықсыз, алдың ала ойланбаған болып табылады [6] – деп көрсетеді. Бұл баланың мектепке дейінгі шақтан басталып, онан соң да осылай болып қала беретіні сөзсіз. Мектепке дейінгі бала ақыл-ой дамуының осы жақтарын зерттей отырып, біз белгілі бір сәтке дейін тек сандық өзгерістерді ғана: зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын, материалды есте сақтау ұзақтығының арта түсетінін, бала қиялының байитынын көрсете алады. Мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалынмен бала зейінін бір нәрсеге шоғырландыру және оған зейін қоюын қалыптастырамыз.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №12 (33) том 4

  


Ссылка для цитирования:

Шыңғысбай Ә.Ж. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Вестник науки №12 (33) том 4. С. 88 - 91. 2020 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/3952 (дата обращения: 19.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/3952



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2020.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.