'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (38) том 2
  4. Научная статья № 25

Просмотры  83 просмотров

Ғабиденқызы А.

  


ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ *

  


Аннотация:
Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және де цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау   

Ключевые слова:
цифрландыру, технология, интернет, инфрақұрылым, ақпарат   


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ақпараты бойынша 2014 жылы 6-74 жас аралығында интернет желісін (мобильдікті қосалғанда) пайдаланушылардың үлесі 63,9%, 2015 жылы – 72,9%, 2016 жылы - 76,8% құрады. Халықты 4G желілерімен қамту 2015 жылы 65,5%, 2016 жылы 69% құрды. Ауылдық елді мекендерде «цифрлық алшақтық» байқалуда - деректерді жеткізу желілерін дамудағы артта қалушылық. 2014 жылдың қорытындылары бойынша қалалық интернет желісі пайдаланушыларының тығыздығы 72,6 %, ауылдық елді мекендерде 52,7%, 2015 жылы – 76,4% және 68,3%, 2016 жылы тиісінше 81,3% және 70,9% құрды. Өңірлердің ақпараттық теңсіздіктен арылуы еліміздің географиялық өлшемімен, бір бөлігі алыс шалғайда және қиын қолжетімді жерлерде орналасқан 6600 астам ауылдық елді мекеннің болуымен күрделенеді. Әлемдік тәжірибеде бұл мәселе: - ел халқының ақпаратқа, соның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, отандық хабар таратудың ақпараттық қорларына тең құқықты қолжетімділігі мүмкіндігі; - халықтың, бизнестің және мемлекеттің артып келе жатқан ақпараттық қажеттіліктерін озық түрде қанағаттандыруды ұсынатын жерсеріктік байланыс пен хабар таратуды дамыту арқылы шешіледі. Цифрлық экономика халықта оның жемістерін пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық дағдылардың болуын талап етеді. Бұл ретте, қазіргі кезде халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылығының деңгейі 76,2% құрайды, және алдағы жылдарда оның өсуі қажет. Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірқатар бастамаларды енгізуде: 1) 3-4 сыныптарда оқуда және күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудің жалпы базалық білімдерін қалыптастыратын «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді; 2) робототехника шеңберінде бағдарламалаудың жалпы негіздеріне үйрететін робото - техника бойынша 372 үйірме жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жас ұрпаққа жаңа талаптарды ескере отырып, креативті ойлау мен техникалық дағдыларын дамыту арқылы орта білімнің мазмұнын қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Бұл цифрлық технологияларды қолдану арқылы еліміздің әрбір азаматының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды кешенді бағдарлама. 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін бес негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізу жоспарланып отыр: 1. Экономика салаларын цифрландыру; 2. Цифрлық мемлекетке көшу; 3. «Цифрлық Жібек Жолын» іске асыру; 4. Адами капиталды дамыту; 5. Инновациялық экожүйені құру. Көрсетілген бес бағыттың шеңберінде 17 нақты міндет пен 120 жоба қалыптастырылды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда 4 бағыт бар. Бірінші бағыт – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт – экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны ендіру. Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт – IT-мамандарды даярлау. Қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары жылдамдықты интернетке қол жетімді 122 қала мен 1200 ауылдық елді-мекен бар, бірақ бұл жеткіліксіз. Цифрлық трансформациялау бағдарламасының жоспарына сәйкес, 2020 жылға қарай тағы 1700 ауылдық елді-мекенді қамту жоспарлануда, ол өз кезегінде тағы 2 миллион адамға жылдам интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.Өткен жылдан бастап Хуавей және «Транстелеком» АҚ ауылдық жерлерде кең жолақты қосылысты қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны сәтті бастады. 2018 жылы «Қазақтелеком» АҚ ұлттық байланыс операторымен «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендеріне талшықты-оптикалық байланыс жолдарының технологиясы бойынша кең жолақты қосылысқа қол жетімділікті ұсыну» жобасы іске қосылды, ол биыл да жалғасын табуда. Сонымен қатар мемлекеттік саясаттың қаржылық, салықтық бағыттарында оңтайлы өзгерістер еңгізу арқылы, әр түрлі өнеркәсіп өкілдерінің өзара үйлесімді қарым-қатынасын құру және спектрлі талдауды қолдану арқылы орындалмақ. Бұл шаралар оң нәтижеге әкелетін негізгі шарттар мен шешімдер болмақ.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (38) том 2

  


Ссылка для цитирования:

Ғабиденқызы А. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ // Вестник науки №5 (38) том 2. С. 132 - 136. 2021 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/4428 (дата обращения: 26.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/4428



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2021.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.