'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (38) том 4
  4. Научная статья № 31

Просмотры  103 просмотров

Алимова У.С., Койлыбаева М.К., Мәсімбек Ж.Қ.

  


МЕЛИССА ӨСІМДІГІНІҢ ПАЙДАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШИКІЗАТЫНАН АЛЫНҒАН СО2 СЫҒЫНДЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ *

  


Аннотация:
бұл мақала Кәдімгі мелисса өсімдігінің дәстүрлі қолданылуы, медицина мен косметология саласына пайдасы, сонымен қатар оның антиоксидантты қасиеттеріне шолу жасауға бағытталған   

Ключевые слова:
дәрілік өсімдік шикізаты, мелисса, экстракт, тыныштандырғыш, косметология   


Зерттеу жұмысының мақсаты: Кәдімгі Мелисса өсімдігінің қолданылу аясын зерттеу және оның шикізатынан алынған СО2 сығындысының медицина, косметология саласына пайдасын дәлелдеу Өзектілігі: Біздің республикамызда дәрілік өсімдік түрлері өте көп. Осы ретте, отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытудың негізгі басымдықтарының бірі - дәрілік өсімдік шикізатының негізінде бірегей отандық субстанцияларды және олардың негізінде дәрілік препараттарды жасау және өндіріске енгізу болып табылды. Қазақстанда таралу ареалы ауқымды, табиғи жағдайда жабайы өсетін дәрілік өсімдіктер тобы бағалы шикізаттар көзі болып табылады. Құрамы бойынша биологиялық белсенді заттарға бай, қазақ медицинасында жүйелі түрде толық зерттелмеген болашақта зерттеуді қажет ететін дәрілік өсімдік ретінде Lamiaceae тұқымдасы өсімдігі практикалық қызығушылық туғызады. Осыған орай, отандық мелисса өсімдігінің және оның экстрактарының медицина және косметология саласына тигізер пайдасын зерттеуге қызығушылық туып отыр. Мелисса адам өмірінде екі мың жылдан астам уақыт бойы қолданылған. Бұл өсімдіктің Отаны- Шығыс Жерорта теңізінен Африканың солтүстік аймақтарына дейінгі кең аумақ болып саналады. Мелиссаны алғашқылардың бірі болып ежелгі гректер тапты. Ал біздің Қазақстан бойынша Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарында жиі кездеседі. Олар көбінесе жабайы өсетін бұталардың арасында, тоғайлардың күн сәулесі көп түсетін тұстарында, тұрғын үйлердің және ескі мал қораларының маңайында өседі. Бұл өсімдікті адамдар көне заманнан бері тәбет ашу мақсатында қолданып келген. Халық медицинасында жүректі тыныштандыру, әйелдердегі етеккірдің келу мерзімі бүзылысында, жүктілік кезінде болатын кеселдерде және ұстамалы ауруға қарсы қолданысқа енген дауалық қасиеті өте күшті дәрілік өсімдік. Айтпақшы, бұл шөптің тағы бірнеше атауы бар, олар елдің әртүрлі аймақтарында кең таралған, мысалы, лимон жалбызы (мелисса), маточник, папалық шөп, роевик, балшөп. Лимон жалбызының қолдану саласы да өсуде – тамақ дайындау мен косметологиядан фармакология мен парфюмерияға дейін. Авиценна мелисса жайлы «Мелисса жүректі қуанышқа бөлейді және өмірге деген сүйіспеншілікті арттырады» деп жазды, ал бес ғасырдан кейін - Парацельс: «Жер өндіретін барлық заттардың ішінде мелисса - бұл жүрекке ең жақсы шөп» деп баға берген болатын Мелиссаның СО2-сығындысы емдік қасиеттерінің бірегей жиынтығына ие. Эфир майы мен липофильді сығындылары, оның ішінде СО2-сығындысы айқын седативті белсенділікке ие екендігі және олардың әрекеті жағынан «кішігірім транквилизаторлар» қатарына жатқызылатындығы дәлелденген. Лимон жалбызының сығындысына негізделген препараттар спазмолитиктер ретінде стресс кезінде ұсынылады. Олар антидепрессанттар, иммуномодуляторлар, вирусқа қарсы қоспалар ретінде де қолданылады. СО2-сығындысына негізделген косметикалық заттарда мелисса келесі қасиеттерді көрсететін қоспалар ретінде ұсынылады: қабынуға қарсы және антисептикалық; май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіру; безеуді, бөртпелерді, қара нүкте, акне, экземаны, дерматитті емдеу; теріні жақсартады және әжімдерді тегістеуге көмектеседі. Токсикология және жанама әсері. Өсімдік аз уытты, бірақ Мелисса препаратын гипотония кезінде, яғни қан қысымыңыз төмен болса, жүктілік кезінде, емізу кезінде, аллергия болса қолдану ұсынылмайды. Мелисса препараттарын қолданғанда бас айналу, летаргия, шаршау, ұйқышылдық, концентрацияның төмендеуі, құсу, жүрек айнуы, диарея, іш қату, қышу, экзантема, бұлшықет әлсіздігі, құрысулар болуы мүмкін. Сондықтан Мелисса препараттарымен емделіп жатқан пациенттер жоғары назар аударуды, жылдам қозғалыс және психикалық реакцияны (көлік құралдарын жүргізу, механизмдерді басқару) қажет ететін қауіпті әрекеттерден аулақ болу керек. Қорытынды Мелисса көптеген қасиеттерге ие, оны косметикалық және емдік мақсатта қолдану ғасырлар бойы белгілі. Мелисса - кез-келген жерде қиындықсыз өсетін өте қарапайым өсімдік. Мелиссаның өзіне тән хош иісі және лимонды еске түсіретін өте жағымды дәмі бар. Лимон бальзамының ашық жасыл жапырақтары кептіріліп, тыныштандыратын қасиеті бар инфузия мен қайнатпаны дайындау үшін медицинада қолданылады. Олар сондай-ақ  бактерияға қарсы және вирусқа қарсы пайдаланылады.Әдеби дереккөздерге шолу мелисса дәрілік өсімдігінің косметология саласына және дәрі-дәрмектерді әзірлеуде қолдану тиімділігін көрсетті.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (38) том 4

  


Ссылка для цитирования:

Алимова У.С., Койлыбаева М.К., Мәсімбек Ж.Қ. МЕЛИССА ӨСІМДІГІНІҢ ПАЙДАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШИКІЗАТЫНАН АЛЫНҒАН СО2 СЫҒЫНДЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ // Вестник науки №5 (38) том 4. С. 172 - 176. 2021 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/4493 (дата обращения: 19.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/4493



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2021.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.