'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (38) том 5
  4. Научная статья № 27

Просмотры  119 просмотров

Картбаева Э.Б., Әбдіхалықова Ж.С.

  


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКА НАРЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАТТЫ ДӘРІЛІК ФОРМАЛАРҒА ТАЛДАУ *

  


Аннотация:
Мақалада балаларға арналған қатты дәрілік заттарға Қазақстан Республикасының Фармацевтика Нарығына талдау қарастырылған. Зерттеулер диаграмма және кестелер түрінде көрсетілген. Қазіргі таңда туу көрсеткіші жоғарылау себепті және балалар денсаулығы маңызды болып табылатындықтан,балаларға көрсетілетін емдік шараларда қолданылатын қатты дәрілік түрлерге шолу жасау көзделген.   

Ключевые слова:
дәрілік заттар,қатты дәрілік заттар, мемлекеттік реестр   


Кіріспе.Дәрілік заттар деп – химиялық және физикалық құрлымнан құралған емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды айтады. Дәрілік заттардың ағзаға әсері Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастадың бар болуына, олардың малекуласының өлшеміне байланысты болады. Қазіргі кезде дәрілік заттар классификациясына карай 4 түрін қолданады: агрегаттық күйі бойынша, қолдану тәсіліне немесе дозалану әдісіне байланысты, ағзаға енгізу тәсілін байланысты және дисперсолониялық. Қатты дәрілік заттарға – таблеткалар, дражелер, гранулалалар, ұнтақтар және дәрілік карандаштаржатады. Ал Жұмсақ дәрілік заттарға – жақпамайлар, пластырлер, суппозиториялар жатады. Сұйық дәрілік заттар тобына: ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, тұнбалар және сироптар мен экстрактар жатады. Газ тәрізді дәрілік заттарға аэрозольдерді жатқыза аламыз. Енді осы дәрілік түрлердің балалар ағзасына әсерін қарастыра өте йік. Қазіргі таңда балалалрға арналған дәрі түрлерін қолдануда өзекті мәселе – дәрі түрі мен ауырсыну болып тұр.Дегенменде, балаларда дәрілік заттардың сіңірілуі ересектереге қарағанда белсенді жүреді. Себебі балаларда ішкі ортада жүретін дәрілік заттардың метаболизмі мен әртүрлі клеткалары ерекше жүреді. Балалар үшін ауырсыну өте ауыр жүйке – психикалық травма болып, фармакотераптевтік әсерді жоюуы мүмкін. Сондықтанда, балаларға берілер дәрілік түр таңдау ерекше қиындықтар тудырады. Дәрілік түрге қойылар талаптарға сәйкесінше нарықтық шолуды Қазақстан Республиасының мемлекеттік реестірі бойынша қарастырдық. Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік реестрі бойынша балаларға арналған дәрілік қалыптарды талдау. Зерттеу материалдары.Қазақстан Республикасының дәрілік заттар және медициналық бұйымдар мемлекеттік реестрі. Зерттеу әдістері: мазмұнды талдау, логикалық, құрылымдық, графикалық. Нәтижелер және оларды талқылау: Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар мемлекеттік реестріне соңғы сәуір айында жүргізілген сынама бойынша, жалпы дәрілік заттың 8070 түрі тіркелген, оның ішінде 3499 таблеткалар, 669 капсулалар, 623 ұнтақтар, 18 түйіршіктер және 3 балалар ұнтағы (1-сурет). Жоғарыда келтірілген диаграммадан көріп отырғанымыздай, қатты дәрілік қалыптардың ішінде таблеткалар 43% - ын, капсулалар 25% - ын, түйіршіктер 22% - ын, ұнтақтар 7% - ын және балаларға арналған ұнтақтар 3% - ын құрайды. Біз бұл диаграммада жалпы ҚР реестріне тіркелген қатты дәрілік қалыптарға тоқталған болатынбыз. Енді осы дәрілік қалыптардың ішінде арнайы балаларға арналған дәрілік қалыптарды қарастыратын боламыз (2-сурет). Бұр диаграммада тек балалар практикасында қолданылатын дәрілік қалыптарды қарастырдық. Жалпы дәрілік қалыптардың ішінде қатты дәрілік қалыптар 20%-ды, жұмсақ дәрілік қалыптар 33%-ды, сұйық дәрілік қалыптар 40% және газ түріндегі дәрілік қалыптар 7%-ды құрайды. Балалар практикасында қатты дәрілік қалыптардың аз болу себебі, балаларға таблетка, капсула күйінде дәрілік затты ішке қабылдау ауырлық етеді, әрі дозасы жағынан көп болады. Көбіне қатты дәрілік қалыптардың ішінде ұнтақтар, балаларға арналған ұнтақтар қолданады. Ұнтақ түріндегі дәрілік заттарды суға еріту арқылы балаға бере аламыз. Біз жоғарыда көрсетілген (1-сурет) диаграмма бойынша сеппелерге тоқтала кетейік. ҚР реестрінде сеппенің 3 түрі тіркелген, оның 2-еуі балалар ұнтағы.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (38) том 5

  


Ссылка для цитирования:

Картбаева Э.Б., Әбдіхалықова Ж.С. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФАРМАЦЕВТИКА НАРЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАТТЫ ДӘРІЛІК ФОРМАЛАРҒА ТАЛДАУ // Вестник науки №5 (38) том 5. С. 170 - 175. 2021 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/4528 (дата обращения: 20.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/4528



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2021.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.