'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №9 (42) том 3
  4. Научная статья № 1

Просмотры  101 просмотров

Абзалбекова Б.Б., Сатанова А.Р.

  


ЖАҢА МАЗМҰНДЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ *

  


Аннотация:
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген   

Ключевые слова:
тәрбие, берудің, ерекшелігі   


УДК 1

Абзалбекова Б.Б.

Бастауыш сынып мұғалімі

«М. Жұмабаев атындағы гимназия» КММ

(г. Караганда, Казахстан)

 

Сатанова А.Р.

Бастауыш сынып мұғалімі

«М. Жұмабаев атындағы гимназия» КММ

(г. Караганда, Казахстан)

 

Жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі

тәрбие берудің ерекшелігі

 

Заманауи мектептердің мақсаты-жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау - баршамыздың парызымыз. Кез келген мектептің мақсаты мен мұраты - өркениетті елдердің қатарынан көріну, ел мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет.

 «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның барлық өміріне апат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие», – депті ӘлФараби бабамыз. Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген, жақсы қасиеттерге баулып, жаманнан жеріндіріп отырған. Бала тәрбиесіне көңіл бөліп тереңінен ойлаған қазақ халқы бесіктегі нәресте тәрбиесіне де жете көңіл бөле білген. Баланы тәрбиелеуде отбасы басты рөл атқарғандықтан, ұлы М.Әуезов те отбасы тәрбиесін ерекше бағалап: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деген. Кез келген білім ошағы ұлттық тәрбие бағдарламасында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп білім берер болса, ұрпағымызды өз ұлтын мақтаныш тұтар азамат болары хақ [2].

Тәрбие–жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Халық даналығында: «Баланы әуелі мейір шапағатқа, онан соң ақыл парасатқа, 308 ақырында еңбек пен ғылымға баулы» - дейді. Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгісі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген–ұлттық педагогика. Небір ғасырлар шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиенің жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағлым болары сөзсіз. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі - Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов және т.б. шығармаларының негізгі арқауы. Әсіресе ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай және олардаң өзара қатынасына байланысты қалыптасатын «Толық адамды» (білімді, адамгершілігі жоғары, парасатты жан-жақты жетілген тұлға) тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделед [3].

Тәуелсіз мемлектіміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаттарының бірі - еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы, оның әлемдік білім кеңістігінен орын алуы. Бұл ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға бұруды, нәтиже мен сапаға бағыттауды, сондай-ақ бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу қажеттілігін міндеттейді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап көрсетіліп отыр. 12 жылдық білім беруге біртіндеп көшуді жүзеге асыру - оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтің, ата-ананың саналы түрде түсініп, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын, икемділік танытуын қамтитын үдеріс дейтін болсақ, мектеп бала тәрбиесіндегі белсенді де баға жетпес әлеуметтік орталыққа айналатындығы хақ.

 Жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі тәрбие берудің ерекшелігі –тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана шектеліп қана қоймай, жалпы адамзаттық және өркениетті дамыған мемлекеттердің озық жетістіктерін, мәдениетін т.б. адамгершілік құндылықтарын игеру арқылы тұлғаның жан-жақтылығын тәрбиелеу. Әрине, айтылған мақсатқа жету үшін мектеп ұжымы ( пән мұғалімдері, мектеп басшылары, сынып жетекшілері, медбике, психолог, т.б.) мен ата-аналар ортақ іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жетуге болады.

 Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп 309 оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр»,- деген болатын. Тәуелсіз еліміздің азаматын парасатты да білімді, мәдениетті де саналы етіп тәрбиелеп, дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, қалың көпшілік бірлесе күш салу керек. «Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»,-дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. Жаңаша білім берудің негізігі мақсаты - еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты [4]. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазға артылатын сенім жүгі салмақты.

 

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ:

 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана,2010 ж.

Төлеубекова Р.К. «Ұлттық тәрбие және оның философиясы»\\Педагогика және Психология журналы №1, 2009.

Тілеужанов М.М. «Халық тағылымы» - Алматы: Рауан,1996.

Пралиев С.Ж. «Ұлттық тәрбие және жаһандану», Егемен Қазақстан, 25 желтоқсан, 2009 .

Сайлауғазинова Б. Жеке тұлға тәрбиелеу // «Сынып жетекшісі», [№4],2010

 

Abzalbekova B.B.

Primary school teacher

«М. MSO "Gymnasium named after Zhumabayev"

(Karaganda, Kazakhstan)

 

Satanova A.R.

Primary school teacher

«М. MSO "Gymnasium named after Zhumabayev"

(Karaganda, Kazakhstan)

 

NEW CONTENT IN THE EDUCATION SYSTEM

PECULIARITIES OF EDUCATION

 

Abstract: The Law of the Republic of Kazakhstan on Education states: "One of the main tasks of the education system is to create conditions for the development of educational programs."

 

Keywords: upbringing, transfer, features.

  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №9 (42) том 3

  


Ссылка для цитирования:

Абзалбекова Б.Б., Сатанова А.Р. ЖАҢА МАЗМҰНДЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ // Вестник науки №9 (42) том 3. С. 4 - 8. 2021 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/4773 (дата обращения: 20.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/4773



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2021.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.