'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №4 (61) том 5
  4. Научная статья № 32

Просмотры  41 просмотров

Ауған М.Н., Қабдырова А.А.

  


HAШАР ECТИТІН БACТАУЫШ CЫНЫП ОҚУШЫЛAPЫНЫҢ КОMMУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛAPЫН ЗЕРТТEУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫFЫ *

  


Аннотация:
мақалада есту қабілеті нашар бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын зерттеудің өзектілігі көрсетілген. Есту қабілеті нашар балаларда олардың сөйлеуі мен қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы арнайы дайындықсыз өздігінен қалыптаспайды. Бұл мақалада есту қабілеті нашар балаларда қарым-қатынас дағдыларын дамытуды зерттеу мәселесіне әсер етудің маңыздылығы мен әдістері талқыланады   

Ключевые слова:
коммуникация, есту қабілеті зақымдалған балалар, нашар еститін балалар   


УДК 376.3

Ауған М.Н.

7M01901 – Арнайы педагогика

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

(Қазақстан, Алматы)

 

Ғылыми жетекшісі:

Қабдырова А.А.

Аға оқытушы, PhD

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

(Қазақстан, Алматы)

 

HAШАР ECТИТІН БACТАУЫШ CЫНЫП ОҚУШЫЛAPЫНЫҢ

КОMMУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛAPЫН ЗЕРТТEУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫFЫ

 

Аңдатпа: мақалада есту қабілеті нашар бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын зерттеудің өзектілігі көрсетілген. Есту қабілеті нашар балаларда олардың сөйлеуі мен қарым-қатынасының қалыптасуы мен дамуы арнайы дайындықсыз өздігінен қалыптаспайды. Бұл мақалада есту қабілеті нашар балаларда қарым-қатынас дағдыларын дамытуды зерттеу мәселесіне әсер етудің маңыздылығы мен әдістері талқыланады.

 

Кілт сөздер: коммуникация, есту қабілеті зақымдалған балалар, нашар еститін балалар.

 

Қарым-қатынас дaғдысын түсіну және оның құрлымын сонымен қатар оның өмірдің бapлық сферасымен аймағындағы рөлін жалпы теориялық aспектіде түсіну нашаp еститін бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларының негізін түсінуімен сәйкес келуі қажет. Бұл мәселені келесі түрде қарастыруға болады.

Бірінші аyытқушылық, яғни естy қабілетінің зақымдалyы ол аталмыш балаларда екіншілік кемістікке яғни сөйлеу тілінің дамуының белгілі бұзылыстарына, ауытқушылықтарына алып келеді. Бұл аyытқу өз кезегінде балалардың коммyникативті есту «портретінде» көрініс алады. Бұндай «портрет» балаларды ерте оқытy мен тәрбиелеyдің жағдайына тікелей байланысты: яғни есту қабілетінің зақымдалуын ерте анықтау, естуді протездеу, түзетушілік-дамыту көмек көрсету, отбасы жағынан өзара ықпалдастық, баланың жеке интелектуалды деңгейі, баланың туа біткен тілдік дарындылығының болуы.

Сонымен екіншілік ауытқушылықтың  кешені және оларды компенсациялау мен түзету бір қатар әлеуметтік факторлардың өзара ықпалдасуымен тікелей байланысты: отбасының әсері, жалпы оқыту жүйесінің дұрыс таңдалуы, баланы оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық технологияларды қолдану, қоршаған әлемді танудағы баланың жеке белсенділігі.

Г.А.Карпованың қарастыруы бойынша жалпы естy қабілетінде бұзылысы бар балалардың тұлғасын дамытyдың депривациялық жағдайларын зерттей отырып оларды келесі түрге бөлген: сөйлеу тілдік депривация, коммyникативті депривация, ақпараттық-мәдени депривация, эмоционалды депривация, әлеуметтік депривация.

Аталмыш депривациялардың әр қайсысының біздің зерттеу пәнімізге тікелей қатысы бар және олар бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді. Әлеуметтік депривация дегеніміз - ол отбасылық тәрбиелеy жағдайы (қалыпты еститін ата-аналармен) және қалыпты еститін оқушылардан ажыратып мектеп интернаттарныда оқыту жағдайы ретінде қарастырады. Бұндай жабық арнайы түзетyшілік мектептердің оқу тәрбиелік үрдісінде балалардың басым бөлігінде коммyникативті депривация жиі кездеседі. Ол балалардың әлеуметтік қарым - қатынасының шектеулі болуымен сипатталады. Бұндай контактілер көбінесе олардың төмен сапасына алып келеді, яғни сөйлеу тілдік депривация балалардың әлеyметтік тәжрибесінің шектеулігімен сипатталып, сөйлеу тілді меңгеру деңгейін төмендетіп отырады. Атақты неміс сурдопедагогы С.Гейнике зерттеулерінде (1727-1790 жж) таза ауызша сөйлеу тілі әдісін қолданып соған сәйкес өзінің психолингвистикалық түсініктеріне сәйкес ауызша сөйлеу тілін есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытудың басты мақсаты ретінде таныған.

Сонымен қатар Л.С.Выготский өз еңбектерінде оқытудың депривациялық жағдайларына есту функциясы зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайында туындайтындығын атап өтіп ол: «Біздің арнайы мектеп баланы оқшауланған әлемнен шығарудың орнына бұл балаларда оқшаулыққа алып келетін және оның сипоратизімін күшейтетін жағдайларды туындатады. Осы жектіспеушіліктің салдарынан балаларды жалпы тәрбиелеу шектелетіндігін» атап өткен. Мысалы, естімейтін балалардың сөйлеу тілі қарастырсақ болады. Естімеушілік өз артынан сөйлемеушілікті ертетіндіктен ол адамды қоғамнан үзіп алып, тұлғаның қоғаммен әлеуметтік байланысын бұзады. Сондықтан Л.С.Выготский зерттеулерінде заманауи мектептегі білім беру жүйесіне тікелей қатысты келесі түсінікті атап өткен: сурдопедагогиканың орталық негізі ол естімейтін баланы әлеуметтік тәрбиелеу деп қарастырған болатын. Кейін Л.С.Выготский мәдени тарихи теорияның авторы және ғылыми мектептің негізін салушы ретінде Л.И.Божович, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Д.Б.Эльконин тағы сияқты ғалымдардың дефектінің биологиялық жақтарының әлеуметтік салдарын талдау мәселесіне ерекше назар аударуды ұсынған. Оның пікірі  бойынша әлеуметтілік толық қандылық ол тәрбиелеудің соңғы мақсаты соңғы нүктесі деп қарастырған. Бұндай мақсатқа қол жеткізу баланың коммункативті кеңістігін кеңейту арқылы мүмкін екендігін атап өтеді. Ал коммуникативті кеңістігі ол балалардың оқитын және тұратын мектептегі кеңістігі болып табылады. Сурдопедагогикада арнайы педагогиканың маңызды бір бөлігі ретінде коммуникация мәселесі ғылымның пайда болу кезеңінен бастап өзекті мәселе ретінде танылып келеді. Бұл естудің бұзылыс нәтижесінде туындаған екіншілік кемістіктің пайда болуымен тығыз байланысты болып келеді. Есту қабілеті зақымдалған балаларды сөйлеу тіліне оқытуға арналған алғашқы жұмыстардың бірі ол И.Васильевтың еңбегі «естімейтін балаларды сөйлеу тіліне, жазбаша сөйлеу тіліне,оқуға үйрету оқыту әдістемесі» болып келеді (1900), онда ғалым «адамзат тілінің» заңдылықтарын құруға талпынған болатын. Кейін 1950 жылы С.А.Зыков өз тарапынан есту қабілеті зақымдалған балаларды тілге оқытудың әмбебап жүйесі жасалынып онда ғалым сөйлеу тілдік қарым-қатынасты қалыптастыру қағидасы бойынша тілге оқытуды анықтаған. С.А.Зыков бұл зерттеулерінде тілге оқыту жүйесінің қағидаларының ішінде жетекші қағида ретінде тілдің іс-әрекетпен байланысты қағидасын ерекше атап өткен. Сондықтан С.А.Зыков бұл жүйені коммуникативті жүйе деп қарастырған. Коммуникативті жүйеге тән маңызды қағидалардың бірі ол қарым-қатынас қажеттілігін қолдану, қарым-қатынасты ұйымдастыру,сөйлеу тілдік ортаны ұйымдастыру болып келеді. Көптеген сурдопедагог ғалымдар бұл еңбекке нақты талдау берген, бірақ біз үшін Г.А.Карпованың коммуникативті әрекеттік жүйесінің психологиялық және лингвистикалық негіздеу де ерекше қызығушылық туғызды. Қарым-қатынас барысында қажеттілікті қолдану қағидасын С.А.Зыков Л.С.Выготскийдың әдістамалық еңбектері негізінде құрастырып, ол сөйлеу тілдің іс-әрекеті қажеттілік жатыр дегенді атап көрсеткен.

А.Г.Зикеев өз зерттеулерінде тілдік жүйенің түрлі жақтарымен жұмыс жүйесінің авторы нашар еститін балалардың сөйлеу тілін дамытуға байланысты мәселелерді қарастыру барысында Н.И.Жинкина, А.Н.Соколова, А.А.Леонтьева, Б.Г.Ананьева тағы басқа сияқты жетекші психологтардың жұмыстарына сүйене отырып, сонымен қатар И.П.Павлованың екінші сигналдық жүйесі,Л.С.Выготскийдың бала дамуының потенциалды мүмкіндіктері туралы ілімдеріне және өзгеде ғалымдардың бірқатар жұмыстарына, еңбектеріне, зерттеулеріне сүйенген. Ол коммуникация теориясын есепке алып Г.М.Андреева, А.А.Бодалев, М.С.Каган, А.А.Леонтьев, Б.Ф.Ломов); және М.И.Кнебель, А.Р.Лурияның ойдың және пайымдаудың туындау компонентіндегі маңызды екіншілік қағидасынада сүйенген болатын. Пайымдаудың сөйлеу тілдік сызба нұсқасы оны сырттай жүзеге асыруға қатысты ондағы үшіншілік және төртіншілік компонентер бойынша И.А.Зимняя, Т.В.Рябов сияқты ғалымдардың жұмыстарын негізге алып, зерттеулер жүргізген [1].

Ішкі сөйлеу тілінің туындауының негізі ол сөйлеу тілдік сезім және есту сезімімен тығыз байланысты болып келеді. Бұл жағдайлар нашар еститін балалардың сөйлеу тілін қалыптастыруда есепке алынуды қажет етеді.

А.Г.Зикеев өз еңбектерінде жазбаша сөйлеу тілінің ролін анықтауда есту дефектісі бар балаларды тілге оқыту жүйесіне ерекше мән бөлген. Зерттеу жұмыстары барысында ол А.М.Гольдберг, В.И.Флери (1881), И.А.Васильева, П.Д.Енько және Н.М.Лаговский сияқты ғалымдардың зерттеулерін есепке алған. Нашар еститін балалардың сөйлеу тілдік әрекетінің психологиялық аспектілерін қарастыру нәтижесінде А.Г.Зикеев келесі  теорияларын, қорытындыларын көрсетеді:

  1. Нашар еститін оқушылардың сөйлеу тілі қабілетін дағдыларын қалыптастыру белсенді сөйлеу тілдік тәжрибе негізінде, сөйлеу тілдік құрлымдарды интериоризациалау үрдісінде, сырқы сөйлеу тілін ішкі сөйлеу тілін туындату барысында мүмкін болатындығын атап көрсетеді. Осы орайда пайымдау коммуникативті бағытқа ие болады.
  2. Жазбаша сөйлеу тілі ол нашар еститін балаларды сөйлеу тіліне оқыту жүйесінде «ерекше кіру жөнінде» қолданылады.
  3. Нашар еститін балалардың өзіне бағытталған ауызша тілін түсінуі балалардың заттық ісәрекетіне сүйене отырып жүргізіледі кейін ғана ондағы сөздің мағынасына мән бере отырып ол ондағы ұйымдастырушы грамматикалық құрлымдық формаларға ие болады.

Тілге оқытудың екі жүйесін сәйкестендіруде яғни нашар еститін және естімейтін балаларды тілге оқыту жүйесінде ұқсас сипаттарды да қарастыруға болады. Екі жүйеде де басты назар ол балалардың ауызша сөйлеу тілін дамытуда, жазбаша сөйлеу тілін дамытуға, қоршаған адамдармен қатынас ретінде сөйлеу тілін дамытуға, естіп қабылдауын дамытуға, естіп көріп қабылдауын дамытуға, өзіндік сөйлеу тілінде ауызша сапалы айтуын және оның анық болуына қол жеткізуге бағытталады. Психологтар қарым-қатынас барысында туындайтын коммуникативті барьерлерді, кедергілерді атап өткен: олар түсінбеушілік кедергілері (фонетикалық, семантикалық, стилистикалық, логикалық т.б.) әлеуметтік мәдени айырмашылықтар және қарым-қатынастағы кедергілер. Психолингвистер коммуникантардағы жалпы сөйлеу тілінің болмауы барысындағы коммуникацияның мүмкін еместігінде атап көрсетеді. Бұл зерттеулер біз үшін ерекше қызығушылықты тудыратыны сөзсіз, себебі есту қабілеті зақымдалған балалардағы коммуникативті іс-әрекеттегі қиындықтар бұл факторлармен тығыз байланысты болып келеді. Дәл осы орайда (Р.М.Боскис, Е.П.Кузьмичева, Л.В.Нейман) сияқты ғалымдардың тілге оқыту әдістемесі және оның мазмұнын жасау кезеңдері бойынша жұмыстары, зерттеулері маңызды болып келеді [2].

Балалардың естіп қабылдауын дамытумен ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру мәселелеріне арналған жұмыстардың жетекші авторларын И.Г.Багрова, В.И.Бельтюкова, Е.П.Кузьмичева, Л.П.Назарова, Л.В.Нейман, Е.3.Яхнина тағы басқа ғалымдарды қарастыруға болады. Олардың жұмыстарында есту қабілеті зақымдалған балаларды ауызша сөйлеу тіліне оқыту және ауызша сөйлеу тілін қабылдауға оқыту қажеттілігі ерекше аталынып өтіліп, аталмыш жайттар қалыпты адамдармен коммуникативті актілерге толық қанды қатысуы үшін маңызды екендігін қарастырған[3].

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. КицулН.С.Формирование навыков коммуникации у детей со сложными и множественными дефектами / Н.С. Кицул, Л.В. Абрамова //Логопед.- 2005. №5.- С. 11-18.
  2. ТитоваС.В., Брычкова Я.В., Гармс, Т.А., МироноваЕ.В. и др. Коммуникативная культура. От коммуникативной компетентности к социальной ответственности / С.В. Титова, Я.В. Брычкова, Т.А. Гармс, Е.В. Миронова и другие. - Питер Пресс, 2009. - 118 с.
  3. Боскис Р. М. Глухие и слабослышащие дети / Р.М. Боскис. - М., 1963.
  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №4 (61) том 5

  


Ссылка для цитирования:

Ауған М.Н., Қабдырова А.А. HAШАР ECТИТІН БACТАУЫШ CЫНЫП ОҚУШЫЛAPЫНЫҢ КОMMУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛAPЫН ЗЕРТТEУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫFЫ // Вестник науки №4 (61) том 5. С. 134 - 139. 2023 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/7926 (дата обращения: 24.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/7926



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2023.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.