'
Научный журнал «Вестник науки»

Режим работы с 09:00 по 23:00

zhurnal@vestnik-nauki.com

Информационное письмо

  1. Главная
  2. Архив
  3. Вестник науки №5 (62) том 3
  4. Научная статья № 28

Просмотры  83 просмотров

Бектурова Ф., Әлміш Ж.Т.

  


БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МЕДИАСАУАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ *

  


Аннотация:
бұл мақалада авторлар балалар мен жасөспірімдердің медиа сауаттылығын қарастырады   

Ключевые слова:
білім, балалар, сауаттылық   


УДК 37

Бектурова Ф.

«Журналистика» мамандығының 4 – курс студенті

Алматы қаласы,

«Тұран» университеті

(Қазақстан, Алматы)

 

Ғылыми жетекші:

Әлміш Ж.Т.

сениор – лектор

«Тұран» университеті

(Қазақстан, Алматы)

 

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МЕДИАСАУАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Аннотация: бұл мақалада авторлар балалар мен жасөспірімдердің медиа сауаттылығын қарастырады.

 

Кілт сөздер: білім, балалар, сауаттылық.

 

Заман ағымы дамыған сайын қоғамдық өзгерістер де орын алып, халықтың тұрмыс – тіршілігі, қағидалары да біршама басқа арнаға бұрылуы мүмкін. Қазақта «елу жылда – ел жаңа» деген мақал бар. Қазір елу жыл емес, тіпті бес жылдың өзінде жаңашылдықтар жалпақ жұртқа өз жаңалығын енгізіп, жылдам жалпақ жұртқа тарап кетеді.

Технологиялық прогресстің күнделікті адам өміріне біршама жеңілдіктер енгізіп, қолайлы жағдайды одан әрі жақсартып жатқаны барлығына мәлім. Алайда, таяқтың екі ұшы болады дегендей, оның да өзіндік біршама қиындықтары да жоқ емес.

Мәселен, медиасауат мәселесі әлі күнге өзекті тақырыптардың бірі ретінде жан – жақты талқылау мен зерттеуді қажет ететін, тұрғындарға талдауға қажетті алғышарттардың бірі. Олай дейтін себебіміз, адамдардың сыни ойлауына әрекет етіп, ақпаратты дұрыс талдай білуіне, пайдалы тұстарын ажыратып, зиянды жайттардан аулақ болуға үйрету қоғамның ең өткір мәселесінің бірі болып отыр.

Жалпы, медиа дегеніміздің өзі – ақпарат деп аударылатынын жақсы білеміз. Ақпараттың таралу ауқымы кең, көлемі сан алуан. Оның күнделікті тіршілікте кездеспейтін жері жоқ. Ауладағы баннерден бастап, көше бойы жарнамаға толы жазбалардың бәрі белгілі бір ақпаратты жеткізуді көздейді. Осы тұста айта кеткеніміз жөн, бұқаралық ақпарат құралдары ғана, нақты айқын дәлелденген, заң аясында, артық бұлтартпасыз халықты ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталып, тұрғындардың еш күмәнсіз ақпаратты игеруіне негіз болады.  

Еліміздің Конституциясында: «Бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті» [1] деп атап көрсетілсе, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңында оның мерзімді баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбысбейне жазбасы және бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны» [2] болып табылатыны айқындалды.

Алайда, қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен бөлек, заңды тіркелмеген, өз беттерімен жұмыс жасап, халыққа ақпарат тарататын агенттіктер көп. Әсіресе, әлеуметтік желі арқылы әркім жеке парақшада түрлі мәліметтер жариялап, жалпақ жұрттың назарына ұсынуда. Медианың мол мүмкіндіктерін жеке тұлғалар барынша кеңінен пайдалануда. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз, сауаттылыққа салынып, ақпараттың шынайылығына көз жеткізіп, жаңалықты жариялайтын жандар бар, сонымен қатар мүлде шындыққа жанаспайтын, тексерілмеген, жалаң сөзге еріп, жалған ақпарат таратуға құмар жазбалар да жетіп артылады. Ең өкініштісі, бұл тек жаңалықтар, ақпарат тарату мәселесіне ғана қатысты емес. Жалт – жұлт еткен жарнамалар да қаншама адамды сан соқтырып, жарға жығып кеткені әлі де тыйылмай келеді. Арам пиғылын іске асыруға ниетті жандар да технологиялардың тетіктерін пайдаланып, жас ұрпақтың санасын шырмап, ойын сан – саққа итермелеуге бар жанын салуда. Сол себепті, медиасауаттылық қашан да бала кезден бойда қалыптасып, жасөспірім кезінде де жан – жақты игерілуі шарт.

Мектеп кезінен бастап балалар жеке басқа қатер төндіретін, жаман жолға бастап, ойын өзгертуге ықпал ететін әрекеттерден сақтанғаны жөн. Қазіргі таңда он жастан асқан балалардың өзіне жеке шот ашып, карта ұстауға мүмкіндік берілген. Бұл интернет алаяқтар үшін оңай олжамен тең. Онсыз да әр нәрсеге еліктегіш келетін жастағы жандарды жылдам өз арбауыңа түсіріп, сан соқтырып кетуге болады. Сол үшін сілтеме арқылы өтіп, ешқандай сауалнама толтырмауға, жарияланған жарнамалардың жалған еместігіне көз жеткізуге, бөтен адамдармен ғаламтор арқылы қарым – қатынас жасамауға үйретіп, салдарын түсіндірген жөн.

Әлеуметтік желі арқылы әлімжеттік жасап, киббербуллинг әрекеттері арқылы жасөспірімдерге қысым жасалатыны бәрімізге белгілі. Сол себепті, мектеп жасындағы жандардың зиянды арналар туралы ақпарат бөлісуі, өз – ара сұқбат, ұстаздар мен сыныптастыр арасында жүргізілген жұмыстар негізінде біз әлі кәмелет жасына толмаған жандарды қауіп – қатерден сақтай аламыз.

Ең өкініштісі, өскелең ұрпақ бұқаралық ақпарат құралдарын жеке өмірде сирек қолданады. Олар ақпараттың жылдам, оңай, тез игеретін тәсілін таңдап, жоғарыда айтқан тәуелсіз еріктілердің еңбектеріне көбірек шолу жасайды. Сол себепті, сабақ барысында болсын, қосымша зерттеу жұмыстарына жұмылдырған сәтте отандық баспасөз медиа хабарламаларын кеңінен қолдануға түрткі болып, олардың басымдықтарын айшықтай түскен абзал.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бері бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікір қалыптастырудың қуатты қаруына айналып келеді. Ал нақтылай айтсақ, ел егемендігі мен тәуелсіздігі жолындағы саяси күресте, әсіресе, қазақ басылымдарының тарихи рөлі ерекше. [3, 4 б.]

Заман ағымына сай барлық бұқаралық ақпарат құралдары да барынша халыққа оңтайлы хабар таратуды көздеп, ақпаратты жылдам жеткізуге тырысуда. Сондықтан, медиасауатты қалыптастыру барысында балаларға қажетті арналарға жол сілтеп, олардың өз бетімен әрекет ете білу машығын арттырғанымыз абзал.

Қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған балалардың бәрінде бірдей гаджеттер, компьютер құрылғылары бар екендігін айта кеткеніміз жөн. Ғаламтор байланысы үздіксіз қолжетімді болғандықтан, ақпарат айдынында еркін жүзіп, еш қиындықсыз кез – келген қалаған ақпаратты игеруіне мол мүмкіндік берілген. Алайда, жасөспірімдер үшін қандай да бір шектеулер, тиым салу, қорғау тәрізді элементтер қарастырылмаған. Сол себепті, жасөспірімдердің жиі түрлі жайттарға ұшырауы осының салдарынан орын алып отырғаны рас. Әрине, ата – ана да жауапкершілік танытып, қашан да балалардың бір сәт немен айналысып, қандай сайттарға сілтеме жасайтынын, қандай әрекеттерге баратындығын барынша қадағалап отырғаны жөн. 

Мектеп жасындағы балалар әлі оң – солын тани қоймағандықтан, оларлың қызығушылығын, қатарластары арасында кең қолдауға ие тақырыптарды, әрекеттерін әр кез жіті бақылауға алған жөн. Қажетті, қажетсіз ақпараттарды айыра білу мүмкіндіктері кеңейген тұста, олар өздеріне керек мәліметті ғана пайдалануға үйренеді.

Ал, мектепте медиасауаттылықты арттыру арқылы – өздеріне сенімді, кез – келген ақпаратқа сыни көзбен қарай алатын, алдымен ой елегінен өткізіп, кейін тек әрекетке көшетін тұлғалар тәрбиелей алмақпыз.

Жаңа ғасыр – ақпарат ғасыры. Коммуникацияның көпшілікке әсері ұшан – теңіз. Ол кейде көсегені көгертіп, көптеген мол мүмкіндіктерге жол ашса, кейде құрдымға кетіріп, көңілдің сызат табуына түрткі болады. Сондықтан, «Санды Қазақстан» құру барысында барынша мүұият болып, медианың мол мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалана алғанымыз жөн.

Болашақ балалар мен жасөспірімдердің қолында. Бүгінгі мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертеңігі күні ел тізгінін қолына алып, ел дамуының ең маңызды қозғаушы күші болмақ. Сол себепті, сауатты ұрпақ қалыптастыру қоғамның басты талабы!

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1998, 10 б.
  2. Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы //Егемен Қазақстан, 1999, 6 тамыз.
  3. Елжандылық мұраты және баспасөз беделі [Мәтін] / Ж. Кенжалин ; [ред. Ә. Оспан] ; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті... – Алматы : Қазақпарат, 2016. - 289 б. 
  


Полная версия статьи PDF

Номер журнала Вестник науки №5 (62) том 3

  


Ссылка для цитирования:

Бектурова Ф., Әлміш Ж.Т. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ МЕДИАСАУАТ МӘСЕЛЕЛЕРІ // Вестник науки №5 (62) том 3. С. 189 - 193. 2023 г. ISSN 2712-8849 // Электронный ресурс: https://www.вестник-науки.рф/article/8208 (дата обращения: 25.04.2024 г.)


Альтернативная ссылка латинскими символами: vestnik-nauki.com/article/8208



Нашли грубую ошибку (плагиат, фальсифицированные данные или иные нарушения научно-издательской этики) ?
- напишите письмо в редакцию журнала: zhurnal@vestnik-nauki.com


Вестник науки СМИ ЭЛ № ФС 77 - 84401 © 2023.    16+




* В выпусках журнала могут упоминаться организации (Meta, Facebook, Instagram) в отношении которых судом принято вступившее в законную силу решение о ликвидации или запрете деятельности по основаниям, предусмотренным Федеральным законом от 25 июля 2002 года № 114-ФЗ 'О противодействии экстремистской деятельности' (далее - Федеральный закон 'О противодействии экстремистской деятельности'), или об организации, включенной в опубликованный единый федеральный список организаций, в том числе иностранных и международных организаций, признанных в соответствии с законодательством Российской Федерации террористическими, без указания на то, что соответствующее общественное объединение или иная организация ликвидированы или их деятельность запрещена.